---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/04/zuelfiya-suelejmenova-ekologiya-zhaene-tabighi-reswrstar-ministri-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Зүлфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

![Зүлфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/photo_108428.jpeg)

**Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы 14 наурызда Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

---

Жарияланды: 2023-01-04T07:20:06+06:00

Жаңартылды: 2023-01-04T07:20:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/04/zuelfiya-suelejmenova-ekologiya-zhaene-tabighi-reswrstar-ministri-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.