---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/03/almatyda-koepqabatty-uejden-oert-shyghyp-turghyndar-evakwaciyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

![Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/636950e4e8ef1094006382.jpg)

**Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметі бойынша, 3 қаңтар күні сағат 10:13 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

> «Өрт сөндіру бригадасы 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады. Қабылданған шаралармен өрттің таралуы 10:44-те тоқтатылып, 10:59-да жойылды. Жалынның 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

---

Жарияланды: 2023-01-03T07:34:23+06:00

Жаңартылды: 2023-01-03T07:34:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/03/almatyda-koepqabatty-uejden-oert-shyghyp-turghyndar-evakwaciyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.