---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/29/resej-oezining-uegit-nasihattary-ueshin-mamandar-izdewde/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде

![Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/png_20221229_154001_0000.png)

**ТМД елдерінде танымал Adwile жарнамалық компаниясы Ресей туралы сапалы әрі позитивті мақалаларды жазатын журналист-редакторларды іздеуде.**

Интернет желісінің қолданушысы журналистика саласын бітірген жас маман екен және Head Hunter жұмыс іздеу платформасында өз түйіндемесін жариялап қойғаннан кейін, көп ұзамай Adwile жарнамалық компаниясы қызығып, жұмысқа қабылдау анкетасын жіберіпті. Қосымша қолданушысы ресейлік компанияның анкетадағы талаптарын суретке түсіріп, редакциямызға жіберді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/img_20221229_150701.jpg)

Суреттерде ресейлік компания РФ туралы мадақты не бейтарап материалдар жазып, даңқын асқақтатуын талап етіп тұрғаны анық көрініп тұр.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/img_20221229_150306.jpg)

Өкінішке қарай Head Hunter түйіндемелер платформасының лицензиялық келісімі бойынша қолданушының жеке ақпаратын ұсына алмаймыз, алайда жеке хаттаманы жариялауға болмайды деген талап жоқ.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/img_20221229_151301.jpg)Әрине, біз ешнәрсеге де бармақ сұғып, нұсқап тұрған жоқпыз, бірақ бұған дейін ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасында коммерциялық бақсылар мен шамандар Ресейді ұлықтап, өзге елдердің ар-ождан, намысына тиген болатын. Ал, ҚР мен РФ заңы бойынша бұл заңбұзушылық деп есептеледі. Видеоның толық нұсқасымен [сілтеме](https://youtu.be/aboKiSnKq-Q) арқылы танысуға болады: <https://youtu.be/aboKiSnKq-Q>

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/img_20221229_150529-1.jpg)Оған қоса, Hh түйіндемелер сайтының лицензиялық келісімінде Head Hunter сайт/қосымшада жарияланған түйіндемелердің 100% шынайылығы мен жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігіне жауап бермейтіні жазылғанын ескертелік. Алайда, Hh ресми сайтында әр жарияланған түйіндемені операторлар өз қолымен іріктеп, тазалап отыратыны тағы жазылған.

---

Жарияланды: 2022-12-29T09:34:44+06:00

Жаңартылды: 2022-12-29T10:25:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Head Hunter](https://qazaqpress.kz/tag/head-hunter/), [рекрутинг](https://qazaqpress.kz/tag/rekrwting/), [РФ](https://qazaqpress.kz/tag/rf/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [үгіт-насихат](https://qazaqpress.kz/tag/uegit-nasihat/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/29/resej-oezining-uegit-nasihattary-ueshin-mamandar-izdewde/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.