---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/27/zhambyl-oblysynyng-eks-aekimi-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

![Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/photo_108177.png)

**«ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Дереккөздің мәліметінше, «BAZIS CONSTRUCTION» – «INFR» ЖШС филиалының директоры Андрея Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын растады.

Бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған (2013 — 2018). 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқара бастады. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған еді.

---

Жарияланды: 2022-12-27T07:38:10+06:00

Жаңартылды: 2022-12-27T07:38:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/27/zhambyl-oblysynyng-eks-aekimi-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.