---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/27/ulttyq-ghylym-akademiyasyna-memlekettik-maertebesi-qajtaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

![Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/1672114587_news_b.jpeg)

**Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады, деп хабарлайды Qazaqpress Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.**

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне:

— әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

— ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;

— ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;

— ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

— ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

— ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

— ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.

Еске салсақ, биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын.

---

Жарияланды: 2022-12-27T07:40:49+06:00

Жаңартылды: 2022-12-27T07:40:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/27/ulttyq-ghylym-akademiyasyna-memlekettik-maertebesi-qajtaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.