---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/21/zhwrnalist-mihail-kozachkov-2-ajgha-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Журналист Михаил Козачков 2 айға қамауға алынды

![Журналист Михаил Козачков 2 айға қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/photo_107967.png)

**Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Бүгін Алматы қаласының тергеу соты тергеу органдарының М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қарады. Тергеу сотының шешімімен М. Козачковты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 18 ақпанына дейін қамауға алу туралы шешім қабылданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан жария етілмейді, — делінген Алматы сотының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

---

Жарияланды: 2022-12-21T04:07:34+06:00

Жаңартылды: 2022-12-21T04:07:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/21/zhwrnalist-mihail-kozachkov-2-ajgha-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.