---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/21/qazaqstan-eaeo-elderining-arasynda-inflyaciya-denggeji-zhoghary-memleketter-qatarynda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында

![Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/kazahstan-stal-pervym-po-rostu-inflyaczii-v-eaes1-1068x601.jpg.webp)

**Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік ететін басқа елдермен салыстырғанда инфляция деңгейі артуда. Соңғы айларда еліміздегі тұтыну бағасы ұйымға мүшелік ететін өзге мемлекеттермен салыстырғанда жоғарылап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, қараша айында Қазақстанның инфляция деңгейі қазан айымен салыстырғанда 1,4%-ке өскен. Қырғызстанда 1,3%, Арменияда 1,1%, Ресейде 0,4% және Беларусь 1,1% өсті.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/kazahstan-stal-pervym-po-rostu-inflyaczii-v-eaes-1068x659.jpg-1024x632.webp)

Соңғы жылда Қазақстандағы инфляция деңгейі 19,6% құрады, бұл көршілес жатқан Қырғызстанның көрсеткіштерімен салыстырғанда 3,6%-ке жоғары. Беларусьте инфляция деңгейі 13,3% болса, Ресей мен Армения көрсеткіштері 12% және 8,8% өскені анықталды.

Қазақстанда тұрмыстық тауарлардың құны да – 27,9%-ке өсіп кетті. Негізі, бұл көршілес елдердегі кез келген басқа тауарлар мен қызметтердің құнынан жоғары. ҚР бөлек бұл тауар түрінің құны тек Қырғызстанда қымбаттап, 20%-тен асқан болатын.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/naczbank-pokazal-uroven-inflyaczii-vo-vseh-regionah-kazahstana-main-bizmedia.kz_-1068x601.jpg-1024x576.webp)

Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлер қызметінің құны да күрт өскені байқалды, есеп барысында шамамен 23,3% құрады. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бағаның өсу тенденциясын азық-түлік пен алкогольсіз сусындар құнынан да байқауға болады, бұл тауарлардың өсімі 24,4% құрады, өзге елдермен салыстырғанда бұл да тым жоғары деп есептеледі. Себебі, ЕАЭО-ға мүшелік ететін елдердің басым бөлігінде инфляция деңгейі 20%-тен кем.

Сонымен қатар еліміздегі көлік қызметтерінің бағасы да өзге елдермен салыстырғанда орташа деңгейден 6,7%-ке жоғары.

---

Жарияланды: 2022-12-21T08:58:41+06:00

Жаңартылды: 2022-12-21T09:00:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [ЕАЭО](https://qazaqpress.kz/tag/eaeo/), [инфляция](https://qazaqpress.kz/tag/inflyaciya/), [экономика](https://qazaqpress.kz/tag/ekonomika/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/21/qazaqstan-eaeo-elderining-arasynda-inflyaciya-denggeji-zhoghary-memleketter-qatarynda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.