Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында

Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік ететін басқа елдермен салыстырғанда инфляция деңгейі артуда. Соңғы айларда еліміздегі тұтыну бағасы ұйымға мүшелік ететін өзге мемлекеттермен салыстырғанда жоғарылап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, қараша айында Қазақстанның инфляция деңгейі қазан айымен салыстырғанда 1,4%-ке өскен. Қырғызстанда 1,3%, Арменияда 1,1%, Ресейде 0,4% және Беларусь 1,1% өсті.

Соңғы жылда Қазақстандағы инфляция деңгейі 19,6% құрады, бұл көршілес жатқан Қырғызстанның көрсеткіштерімен салыстырғанда 3,6%-ке жоғары. Беларусьте инфляция деңгейі 13,3% болса, Ресей мен Армения көрсеткіштері 12% және 8,8% өскені анықталды.

Қазақстанда тұрмыстық тауарлардың құны да – 27,9%-ке өсіп кетті. Негізі, бұл көршілес елдердегі кез келген басқа тауарлар мен қызметтердің құнынан жоғары. ҚР бөлек бұл тауар түрінің құны тек Қырғызстанда қымбаттап, 20%-тен асқан болатын.

Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлер қызметінің құны да күрт өскені байқалды, есеп барысында шамамен 23,3% құрады. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бағаның өсу тенденциясын азық-түлік пен алкогольсіз сусындар құнынан да байқауға болады, бұл тауарлардың өсімі 24,4% құрады, өзге елдермен салыстырғанда бұл да тым жоғары деп есептеледі. Себебі, ЕАЭО-ға мүшелік ететін елдердің басым бөлігінде инфляция деңгейі 20%-тен кем.

Сонымен қатар еліміздегі көлік қызметтерінің бағасы да өзге елдермен салыстырғанда орташа деңгейден 6,7%-ке жоғары.