---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/19/sport-federaciyalaryn-akkredittew-maeselesi-rettelmek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Спорт федерацияларын аккредиттеу мәселесі реттелмек

![Спорт федерацияларын аккредиттеу мәселесі реттелмек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/209981_0db493b02f2f34aec15d0ed0c16354ca.jpg)

**Жергілікті спорт федерацияларына республикалық федерация құрамында болу міндеттеледі, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

> «Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде спорт федерацияларын аккредиттеу мәселесін реттеу көзделген. Атап айтқанда, уәкілетті орган республикалық федерацияны аккредиттеу үшін қойылатын талаптардан ұлттық олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азиада кеңесі тарапынан тану өлшемшартын алып тастауды, өңірлік федерация (бірнеше өңірде жұмыс жасайтын) ұғымынан бас тартуды және жергілікті федерациялардың республикалық федерациялардың құрамында болу талабын енгізуді қарастырып жатыр», -делінген Үкімет басшысының жауабында.

---

Жарияланды: 2022-12-19T07:52:57+06:00

Жаңартылды: 2022-12-19T07:55:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/19/sport-federaciyalaryn-akkredittew-maeselesi-rettelmek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.