---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/13/toqaev-mangghystaw-oblysy-aekimin-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Маңғыстау облысы әкімін қабылдады

![Тоқаев Маңғыстау облысы әкімін қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/photo_107705.jpeg)

**Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Сонымен қатар облыстағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу және тағы басқа мәселелер жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді.

Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.

---

Жарияланды: 2022-12-13T03:25:38+06:00

Жаңартылды: 2022-12-13T03:25:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/13/toqaev-mangghystaw-oblysy-aekimin-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.