---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/13/almaty-prokwratwrasy-tanymal-vajnerlerge-qatysty-qylmystyq-isti-sotqa-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады

![Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/6204a600d5b75553075241.jpg)

**Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
> 
> 
> 
> 
> Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
> 
> 
> 
> 
> Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.
> 
> 
> 
> 
> Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-12-13T03:29:40+06:00

Жаңартылды: 2022-12-13T03:29:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/13/almaty-prokwratwrasy-tanymal-vajnerlerge-qatysty-qylmystyq-isti-sotqa-zholdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.