Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Бір көлік үшін 200 мың теңге: Қазақстанда көлік легализациясы қалай өтпек

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
12 декабря, 2022
Бір көлік үшін 200 мың теңге: Қазақстанда көлік легализациясы қалай өтпек

Президент 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілетін шетел көліктерін бір рет тіркеу құқығы жайлы мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі заңдастыру жұмыстарының процесі туралы баяндап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

«Әзірге заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілуде. Парламент заңдастыруға жататын автокөліктердің алғашқы тіркеу құны 200 мың теңге мөлшерінде белгілеп, Салық кодексіне енгізілген алғашқы түзетулерді қабылдады. Сонымен қатар, екінші заң жобасы аясында Экологиялық кодекске осы көліктерді ақылы түрде кәдеге жарату туралы заңның күшін жою деген бөлігіне түзетулер енгізілуде. Оған қоса, Ішкі істер министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуде, оның тәртібін, шарттарын және т.б. Аталмыш жоба 29 қарашада қоғамдық талқылау үшін Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды», – деді ІІМ ҚАП төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Төменде Қазақстандағы көліктерді заңдастыру тақырыбы аясында спикер азаматтарды мазалап жүрген басты сұрақтарға жауап берді:

Қандай көліктерді заңдастыруға болмайды?

Іздеуге салынған және кедендік ресімдеуден өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін елге кіргізілген автокөліктер.

Осы таңға дейін Қазақстанға қанша шетел көлігі кіргізілді?

Қазақстанда нақты тіркелген шетелдік көліктердің саны туралы анық деректер жоқ. Онымен қоймай, біз ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде шамамен 300 мыңнан астам шетелдік автокөлікке сақтандыру полистері берілгенін анықтадық. Автокөлік сақтандыру бойынша бірінші орында Ресей Федерациясынан келген көліктер тұр – 260 мыңға жуық автокөлік сақтандырылған, Қырғызстаннан – 25,5 мың, ал Армениядан – 18 мың көлікке сақтандыру полистерк берілген.

Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары қашан басталады және қанша уақытқа созылады?

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер енгізіліп, үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін ғана басталады. Негізі, заңдастыру жұмыстарын алты айдың ішінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Көліктің елге кірген уақыты қалай тіркеледі?

Көліктің елге кірген күні ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтер базасы арқылы анықталады, бүгінде бұл процесс толық автоматтандырылған. Ал, Шекара қызметiнде автокөліктің елге кіргені жайлы мәлiмет болмаса, алғаш рет сақтандыру полисін алған уақытымен есептелінеді.

Қазақстанда заңдастыру аясында азаматтар «оң рульді» көліктерді тіркей алады ма?

Мемлекет басшысы заңдастырудың екі талабын айтқаны жайлы өздеріңізге де мәлім: біріншісі – көліктерге іздеу жарияланбау керек, екіншісі – кедендік ресімдеуден өту керек. Егер көліктер осы екі басты талапқа сай болса, оларды тіркеуге ешқандай кедергі болмайды.

Автокөліктерді шығарылған жылы мен экологиялық деңгейі бойынша шектеу бар ма?

Заңдастыруға жататын көліктерге жылы мен экологиялық деңгейі бойынша шектеулер жоқ.

Қазақстанда уақытша тіркелген «армяндық» көліктерге «сары» нөмір беріліп, заңдастырылу мүмкін бе?

Елімізде уақытша тіркелген «армяндық» көліктер де мемлекеттік тіркеуден өтеді, бірақ олардың кедендік декларациясы талап етілмейді, өйткені 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып танылады.

Қазіргі таңда заңдастыру құны қанша теңгені құрайды?

Негізгі төлем, яғни бастапқы тіркеу құны – ол 200 мың теңге. Ал, тіркеу куәлігі мен тіркеу нөмірі сынды төлемдер тағы 13 171 теңге құрайды (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін төлем сомасы аздап өзгеріске ұшырайды, өйткені баж салығы АЕК-ке байланысты есептеледі).

Заңдастыру процесі қалай өтетінін қысқаша сипаттай аласыз ба?

Көлік тіркеу өтінішін «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе Арнайы ХҚО-ға жүгіну арқылы өтініш беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен автокөлік іздестіру базалары бойынша тексерістен өткеннен кейін, автокөлік нөмірлерін салыстыру үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне жіберіледі. Одан кейін 200 мың теңге көлемінде алғашқы төлем жасалып, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж салығы төленеді, қажет болған жағдайда кедендік баж салығы да төлену мүмкін. Көлік тіркелгеннен кейін иесіне қазақстандық тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмір беріледі.

Tags: Ішкі істер министрлігіАвтокөлікмемлекеттік тіркеуҚР
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Алматы-Маңғыстау» пойызында спортшы балалардың ата-аналары шу шығарды

Келесі жаңалық

Киноәртіс Жан Байжанбаев «Қазақфильм» басшылығын сынға алды

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Киноәртіс Жан Байжанбаев «Қазақфильм» басшылығын сынға алды

Киноәртіс Жан Байжанбаев «Қазақфильм» басшылығын сынға алды

Алматыда травматологтар күрделі микрохирургиялық ота жасады

Алматыда травматологтар күрделі микрохирургиялық ота жасады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

11 марта, 2021
Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

25 мая, 2026
Air Astana тобы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 млрд теңге аударады

Air Astana тобы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 млрд теңге аударады

8 апреля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.