---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/12/02/2022-zh-qazaqstanda-zhalpy-oelim-sany-28-ke-toemendedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2022 ж. Қазақстанда жалпы өлім саны 28%-ке төмендеді

![2022 ж. Қазақстанда жалпы өлім саны 28%-ке төмендеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/12/v-kazahstane-v-2022-godu-obshhaya-smertnost-snizilas-na-281-1068x601.jpg.webp)

**Қазақстанда жалпы өлім-жітім саны 28%-ке төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният медициналық көмектің тиімділігін арттыру үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі екенін айтты. Ол үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде, мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда. Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткішіне сүйенсек, қабылданған шаралар мен жұмыстар оң нәтижесін берген көрінеді оның сөзінше.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/kolichestvo-mediczinskih-ugolovnyh-pravonarushenij-vyroslo-srazu-na-12-za-god-main-bizmedia.kz_-1068x601.jpg-1024x576.webp)

**Қазақстандағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеді**

Оның айтуынша, биыл өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 28% төмен.

Министр бақилыққа алып келетін себептердің көбісі азайып, соның арқасында өлім-жітім төмендегенін мәлімдеді. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтатындар саны 32%-ке, қатерлі ісіктен қайтатындар 9%-ке, жарақатты оқиғалар 4%-ке, респираторлық аурулардан болатын өлім-жітім 33%-ке, туберкулезден болатын өлім-жітім 17%-ке төмендеді – осы аурулардың барлығы өлім-жітім деңгейін әжептеуір төмендетті. Ана өлімі де 3,5 есеге төмендегенін тағы айталық.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/12/v-kazahstane-integriruyut-organizaczii-selskoj-medicziny-v-edinuyu-informaczionnuyu-sistemu-zdravoohraneniya-main-bizmedia.kz_-1068x601.jpg-1024x576.webp)

Елімізде денсаулық сақтау көрсеткіштері жақсарғанын тіпті халықаралық рейтингтер де дәлелдейді. Министрдің айтуынша, 2020 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты бойынша 193 елдің ішінде 65-ші орынды иеленсе, 2022 жылдың басына қарай БҰҰ рейтингімізді 6 позицияға көтеріп, 59-орынға шығарды.

---

Жарияланды: 2022-12-02T08:48:08+06:00

Жаңартылды: 2022-12-02T08:50:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Денсаулық сақтау министрлігі](https://qazaqpress.kz/tag/densawlyq-saqtaw-ministrligi/), [статистика](https://qazaqpress.kz/tag/statistika/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/12/02/2022-zh-qazaqstanda-zhalpy-oelim-sany-28-ke-toemendedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.