---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/30/iim-basshysynyng-orynbasary-astanadaghy-zangsyz-miting-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ басшысының орынбасары Астанадағы заңсыз митинг туралы айтты

![ІІМ басшысының орынбасары Астанадағы заңсыз митинг туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/photo_107224.jpeg)

**ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қараша күні Астанада рұқсат етілмеген шеруге шыққандар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Заңсыз шеру болды. Полиция қызметкерлері оның жолын кесті», — деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, шеру кезінде 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылған.

> «Ол шарада 300-дей адам болды. 1,5 сағаттан кейін Ақордаға қарай беттеу туралы үндеу тасталды. Олар көшеге шықты және олардың әрекеттерінде митингінің белгілері бар. Өйткені, дауыс зорайтқыштар болды, үндеулер айтылды. Ақордаға қарай беттеді. Сондықтан, біз олардың жолын кесіп, тоқтатуға мәжбүр болдық. Ұйымдастырушы ұсталып, 15 тәуліктік әкімшілік жауапқа тартылды. Біз олардың қандай талап қоятынын күтіп тұра алмадық. Өйткені, заңсыз шерудің өзі – әкімшілік құқық бұзушылық», — деді Игорь Лепеха.

---

Жарияланды: 2022-11-30T06:38:39+06:00

Жаңартылды: 2022-11-30T06:38:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/30/iim-basshysynyng-orynbasary-astanadaghy-zangsyz-miting-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.