Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaqpress сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға сілтеме жасап.

Сейсмологтар мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері 30 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 11:03-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 100 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8, MPV магнитудасы – 4,6, тереңдігі – 10 шақырым.