---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/29/aelihan-smajylov-arselormittal-temirtaw-kompaniyasy-basshylyghyna-talap-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығына талап қойды

![Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығына талап қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/7835443453.jpg)

**Дүйсенбі, 28 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.

Премьер-Министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Өз кезегінде Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

---

Жарияланды: 2022-11-29T06:05:55+06:00

Жаңартылды: 2022-11-29T06:05:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/29/aelihan-smajylov-arselormittal-temirtaw-kompaniyasy-basshylyghyna-talap-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.