---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/24/ajdos-erbosynulynyng-komandasy-onyng-densawlyghyna-qatysty-maelimdeme-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айдос Ербосынұлының командасы оның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

![Айдос Ербосынұлының командасы оның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/200103104427298e.jpg)

**Suleimen Promotions командасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress Instagram-дағы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.**

> «АҚШ-тағы өкіліміздің сөзінше, боксшымыздың денсаулығы айтарлықтай жақсарды, соның ішінде физикалық жағдайы – Айдос өздігімен аяғын басып, жүре алады. Сондай-ақ боксшымыздың ақыл-есі жақсы. Онымен қоса, Айдос дәрігерлердің сұрағын түсініп, оларға оп-оңай жауап беріп жатыр. Мамандар мәліметіне сәйкес, Айдос тез сауығып келеді.
> 
> 
> 
> 
> Өкіліміздің айтуынша, таяу уақытта боксшымыз ауруханадан шығарылып, ол отанына оралуы ықтимал.
> 
> 
> 
> 
> Сондай-ақ АҚШ-қа Айдостың жұбайы келді. Қазір ол боксшының жанында. Әрине, ол үшін бұл үлкен қолдау», — деп мәлім етті Suleimen Promotions компаниясынан.

Еске салсақ, қараша айының басында қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын.

---

Жарияланды: 2022-11-24T06:55:52+06:00

Жаңартылды: 2022-11-24T06:55:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/24/ajdos-erbosynulynyng-komandasy-onyng-densawlyghyna-qatysty-maelimdeme-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.