---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/22/ulttyq-bank-halyq-arasynda-kepildikpen-zhaene-kepildiksiz-nesiege-degen-suranys-153-zhaene-103-ke-oesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық банк: Халық арасында кепілдікпен және кепілдіксіз несиеге деген сұраныс 15,3% және 10,3%-ке өсті

![Ұлттық банк: Халық арасында кепілдікпен және кепілдіксіз несиеге деген сұраныс 15,3% және 10,3%-ке өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/download-3.jpeg)

**Ұлттық банк 2022 жылы Қазақстанда несие сұранысына байланысты жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

3 кварталда жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, банктердегі несиелер құны қаншалықты өссе де шағын және орта бизнестің несиеге деген сұранысы әлі артуда, ал ірі бизнестің сұранысы өзгеріске ұшыраған жоқ екені анықталды.

**Шағын бизнес**

Несие алуға қатысты шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келген өтінімдер саны өткен кварталда 35%-ке өсіп, 417 мың өтінішті құрады. Орташа өтініш көлемі де 11%-ке өсіп, 25,6 млн теңгеге жетті.

**Орта бизнес**

Үшінші кварталда орта кәсіпкерлік субъектілерінен келген өтініштер саны 12%-ке өсті, бірақ өтініш көлемі 5%-ке азайды. Бұл орта бизнеске бөлінетін несиенің орташа мөлшері 251 миллион теңгеден 235 миллион теңгеге дейін төмендегенін білдіреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/naczionalnyj-bank-opublikoval-rezultaty-oprosa-bankov-o-kreditovanii-kotorye-pokazali-chto-v-kazahstane-nablyudalsya-spros-na-kredity-v-techenie-3-kvartala-2022-goda-soobshhaet-bizmedia.kz_.-1068x554-1.jpg)

**Ірі бизнес**

Үшінші кварталда несие алуға байланысты ірі кәсіпкерлік субъектілерінен келген өтініштер саны 23%-ке азайды. Оған қоса, өтініштердің орташа көлемі 23%-ке азайып, 5,8 млрд теңгені құрады.

**Ипотекалық несие**

Үшінші кварталда нарық маусымына байланысты ипотекалық несиеге деген сұраныс артты. Қазіргі таңда адамдар жиі үй сатып алу үшін ипотекаға өтініш беруде.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/naczionalnyj-bank-opublikoval-rezultaty-oprosa-bankov-o-kreditovanii-kotorye-pokazali-chto-v-kazahstane-nablyudalsya-spros-na-kredity-v-techenie-3-kvartala-2022-goda-soobshhaet-bizmedia.kz2_-1068x542-1.jpg)

**Кепілдікпен және кепілдіксіз берілетін несие**

Қазіргі таңда тұтыну несиесін алуға өтініш білдіргендердің саны артты, банктер ұзақ мерзімді тауарларға деген шығындардың артқанына сілтеуде, ал өзгелері оны маркетингтік науқандармен байланыстыруда. Кепілдікпен және кепілдіксіз берілетін несиеге сұраныс 15,3% және 10,3%-ке өсті.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/naczionalnyj-bank-opublikoval-rezultaty-oprosa-bankov-o-kreditovanii-kotorye-pokazali-chto-v-kazahstane-nablyudalsya-spros-na-kredity-v-techenie-3-kvartala-2022-goda-soobshhaet-bizmedia.kz3_-1068x563-1.jpg)

**Автокредиттер**

Соңғы кездері жаңа көліктер кеш жеткізілуде, соған байланысты автонесиеге деген сұраныс та азайған. Алайда, банктер несие дағдарысы жалғасып жатса да тұтынушылық несиеге деген сұраныс төртінші кварталда әлі көтеріледі деп болжауда.

---

Жарияланды: 2022-11-22T08:51:55+06:00

Жаңартылды: 2022-11-22T09:16:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [несие](https://qazaqpress.kz/tag/nesie/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/22/ulttyq-bank-halyq-arasynda-kepildikpen-zhaene-kepildiksiz-nesiege-degen-suranys-153-zhaene-103-ke-oesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.