---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/22/sheteldik-baq-oekilderi-toqaevtyng-shtabyna-bardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды

![Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/attachment-3-1.jpeg)

**Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді.**

Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Австрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

> «Бұл функционалды, жоғары технологиялық орталық сайлау науқаны кезінде белгілі бір шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік берді. Бір ай бойы, тәулік бойы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалицияға кіретін ұйымдардың өкілдері осында бірге жұмыс істеді. Штаб жұмысы мөлдірлік, жариялылық және заңнамалық нормаларды сақтау қағидаттарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды», — деді Асхат Оралов.

Кездесу қорытындысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, онда сайлау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/attachment-1-1-300x200.jpeg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/attachment-4-300x200.jpeg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/attachment-5-300x200.jpeg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/attachment-2-1-300x200.jpeg)

 

---

Жарияланды: 2022-11-22T11:04:30+06:00

Жаңартылды: 2022-11-22T12:12:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/22/sheteldik-baq-oekilderi-toqaevtyng-shtabyna-bardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.