---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/21/qytaj-basshysy-qasym-zhomart-toqaevty-prezident-sajlawyndaghy-zhengisimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қытай басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

![Қытай басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/b4a877dcc018f4e2bd029ce08e5b6862.jpg)

**Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.**

> «Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

---

Жарияланды: 2022-11-21T08:21:37+06:00

Жаңартылды: 2022-11-21T08:21:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/21/qytaj-basshysy-qasym-zhomart-toqaevty-prezident-sajlawyndaghy-zhengisimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.