Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді

Қазақстанда өткен тәулікте 72 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Қазір ел өңірлерінде коронавирустан — 609 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан — 177 (КВИ-), барлығы 786 адам емделіп жатыр. 90 пациент стационарда, 696-сы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 8 адамның жағдайы ауыр,

— 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.