---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/17/almatyda-bir-taewlikte-136-zhol-apaty-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды

![Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/211005090843412e.jpg)

**Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

> «Бұл үндеу қауіпті қозғалыс құралын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

16 қараша таңғы сағат 08:00-ден 17 қараша таңғы сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласында 136 ЖКО тіркелді, оның 26-сында зардап шеккендер бар. Адам шығыны жоқ.

> «Сонымен қатар ауа райының нашарлауына және қар жауғанына, ауа температурасының минус деңгейге дейін төмендеуіне байланысты, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруларын сұраймыз», – деді Ұзабаев.

---

Жарияланды: 2022-11-17T05:23:41+06:00

Жаңартылды: 2022-11-17T05:23:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/17/almatyda-bir-taewlikte-136-zhol-apaty-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.