---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/15/baqytguel-hamenovagha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты

![Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/6371e636891ee.jpeg)

**Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

> «Сот Бақытгүл Хаменованың қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. Жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының бары ескерілді. Сотталушыға өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі жас баласының болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды», -делінген соттың хабарламасында.

Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды. Ол сот залынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2022-11-15T06:51:51+06:00

Жаңартылды: 2022-11-15T06:51:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/15/baqytguel-hamenovagha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.