Қазақстанда бір тәулікте 29 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 29 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 29 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

14 қарашадағы мәлімет бойынша, 828 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 162 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 749 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.