---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/08/toqaev-eskertkish-qoya-bergenshe-sport-medicina-nysandaryn-salwgha-basa-nazar-awdarw-qazhet/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Ескерткіш қоя бергенше спорт, медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет

![Тоқаев: Ескерткіш қоя бергенше спорт, медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/dsc-7575-2_mediumthumb.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуде көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамыту керектігін еске салды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдікке осы шаруаларды пысықтауды тапсырамын. Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе», — деп атап өтті жиында Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Жарияланды: 2022-11-08T07:29:14+06:00

Жаңартылды: 2022-11-08T07:29:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/08/toqaev-eskertkish-qoya-bergenshe-sport-medicina-nysandaryn-salwgha-basa-nazar-awdarw-qazhet/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.