---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/04/qazaqstannyng-segiz-oblysynda-dawyldy-eskertw-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды

![Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/photo_359762.jpeg)

**Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress.**
Метеорологтардың мәліметі бойынша, 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстіктен жел соғады, облыс орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр, тұман, жел күтіледі.

Түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігіндегі жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз шығыста солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

---

Жарияланды: 2022-11-04T07:43:37+06:00

Жаңартылды: 2022-11-04T07:43:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/04/qazaqstannyng-segiz-oblysynda-dawyldy-eskertw-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.