---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/11/04/andrej-timchenko-bereke-bank-basqarma-toeraghasy-bolw-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Андрей Тимченко Bereke Bank басқарма төрағасы болу мүмкін

![Андрей Тимченко Bereke Bank басқарма төрағасы болу мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/11/11c6ebb265c00598f42ed60d5a4.jpg)

**Андрей Тимченко Bereke Bank басқарма төрағасы болу мүмкін. О****ның кандидатурасын қаржы нарығын реттеуші органға бекітуге ұсынылды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

**Андрей Тимченко бұрын Альфа-банкті басқарған болатын**

Андрей Тимченко ағымдағы жылдың сәуір айына дейін ресейлік Альфа-банктің қазақстандық филиалын басқарған еді. Ал, кейін барлық акцияларды «ЦентрКредит» банкіне сату туралы шешім қабылданып, аты «Эко Центр Банк» АҚ болып өзгертілді. Одан соң «Эко Центр Банк» басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалып, маусым айына дейін қызмет атқарған болатын.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/andrej-timchenko-bizmedia.kz_-1068x712-1-300x200.webp)

**Bereke Bank директорлар кеңесінің мүшесі бір жарым айдан кейін қызметінен кетті**

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, директорлар кеңесінің мүшесі Әділ Мұхамеджанов қызметке тағайындалған соң бір жарым айдан кейін Bereke Bank-тен кеткен болатын. Ресми мәлімдемеде Мұхамеджанов директорлар кеңесінен өз еркімен кеткені айтылған.

Ол 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Ерсайын Хамитов және Қанат Шарлапаевпен бірге директорлар кеңесінің мүшесі болғантын. Мағжан Мәдиев пен Асқар Елемесов та директорлар кеңесінің мүшелері екенін еске сала кетелік.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/11/bereke-bank_logo-1068x601-1-300x169.jpg)

2021 жылдың мамыр айынан бастап Мұхамеджанов «Бәйтерек» ҰБХ ДК төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.

**Санкциялар мен Bereke Bank**

АҚШ Қаржы министрлігі Bereke Bank-ке 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін халықаралық операцияларды жалғастыруға рұқсат берді. Сәуір айында аталмыш банкті санкциялар тізіміне енгізгеніне қарамастан, бұл Bereke Bank үшін шетелдік компаниялармен жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Қыркүйек айының басында «Бәйтерек» холдингі «Қазақстан Жинақ банкінің» еншілес ұйымын сатып алу туралы мәмілеге қол қойып, келісім-шартты жапты.

---

Жарияланды: 2022-11-04T08:19:07+06:00

Жаңартылды: 2022-11-22T09:24:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Bereke Bank](https://qazaqpress.kz/tag/bereke-bank/), [Андрей Тимченко](https://qazaqpress.kz/tag/andrej-timchenko/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/11/04/andrej-timchenko-bereke-bank-basqarma-toeraghasy-bolw-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.