Сенаторлар президенттің өкілеттігін шектейтін заң жобасын мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталмыш норма «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына енгізілген.
Құжатта белгіленген 8 конституциялық заңға өзгерістер енгізілген. Енді «Қазақстан Республикасының президенті туралы» Конституция заңына президенттік қызмет үстінде оған саяси партияларға мүшелік етуге шектеулер енгізуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Сонымен қатар құжатқа сәйкес бұдан былай президенттің жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметтер мен ұлттық компаниялардың жоғары лауазымдарын иеленуге шектеулер енгізілген.
Оның үстіне сенаторлар мен Конституциялық соттың және Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағаларын тағайындау процесіне де өзгерістер енгізілуде.
Құжат бойынша тіпті Қазақстан халқының өз жеріне қатысты меншік құқығын да заңнамалық тұрғыдан бекіту жоспарлануда.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз