---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/31/qazaqstanda-9-ajda-2075-adam-zhoghalyp-ketken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен

![Қазақстанда 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/photo_373020.png)

**2022 жылғы 9 айдың ішінде Қазақстанда 2075 адам жоғалған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Хабарсыз кеткен адамдарды іздеу барысы туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев айтып берді.

> «Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды іздестіруде заманауи техникалық құралдар тиімді пайдаланылуда. Дегенмен техникалық құралдарды пайдалану туралы ақпарат құпия яғни жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық сатистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша биыл 9 айда 2075 адам хабар-ошарсыз кеткен. Оның ішінде 1189 адамның қайда жүргені анықталды, ал қалған 801 адамды жалғасып жатыр», — деді Нұрлан Темірбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуы бойынша, биыл елімізде 9 айдың ішінде 186 кәмелет жасына толмаған бала және жасөспірімге іздеу жарияланды.

> «Бүгінде 176 хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандардың мекені анықталды. 6 жасөспірімге іздестіру әлі жүріп жатыр. Оның ішінде Шымкент қаласы – 2, Алматы қаласы — 1, Алматы облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Түркістан облысы — 1 жасөспірім», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2022-10-31T06:49:51+06:00

Жаңартылды: 2022-10-31T06:49:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/31/qazaqstanda-9-ajda-2075-adam-zhoghalyp-ketken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.