---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/policiya-koekshetawdaghy-mektepterdi-tekserip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Полиция Көкшетаудағы мектептерді тексеріп жатыр

![Полиция Көкшетаудағы мектептерді тексеріп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/16321241_1_0_3000_1687_1920x0_80_0_0_73fb10b998868e500e404432aab4362c.jpg)

**Жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы хабарлама алған полицейлер Көкшетау қаласының мектептерін тексеруде, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 28 қазанда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына №3 «Дарын» мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

> «Көрсетілген мекенжай бойынша полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келіп жетті. Мектеп аумағы қоршауға алынды. Оқушылар, оқытушылар құрамы және мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.
> 
> 
> 
> 
> Жарылыс техниктері мен кинологтар мектепті толық зерттеді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
> 
> 
> 
> 
> Кейіннен полицияға басқа орта оқу орындарында жарылғыш құрылғылар бар екендігі туралы хабарламалар келіп түсті, онда тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізуде.
> 
> 
> 
> 
> Полиция азаматтардан дүрбелеңге түспеуді, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды»,-делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-10-28T08:09:50+06:00

Жаңартылды: 2022-10-28T08:09:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/policiya-koekshetawdaghy-mektepterdi-tekserip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.