---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/memleket-basshysy-oezbekstan-prezidenti-shavkat-mirziyoevpen-kezdesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

![Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/dsc-0777-2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және мазмұнды сөз сөйлегені үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев аталған шараның өткізілу деңгейін жоғары бағалап, кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ бүгінгі шарада аймақтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.

---

Жарияланды: 2022-10-28T05:25:42+06:00

Жаңартылды: 2022-10-28T05:26:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/memleket-basshysy-oezbekstan-prezidenti-shavkat-mirziyoevpen-kezdesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.