---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/elzhan-birtanovqa-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елжан Біртановқа сот үкімі шықты

![Елжан Біртановқа сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/n2ywmduynwi5oti5nda2yweynza0ytjknzc2ognjmjnfy3jvcf9sxzqyx3rfmjzfd18xotqxx2hfmta5mi0xmjgwedcymc5qcgchogywm2rlymfjmgi0yjgwzjk5n2nknzvmntg0ztcxmzy.jpg)

**Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Елжан Амантайұлы Біртанов ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 3-бөлімінде санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәсіз деп танылсын және оның әрекеттерінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, ақталсын.
> 
> 
> 
> 
> ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлімі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», — деп үкім оқыды судья Ибрагим Әлкенов.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

---

Жарияланды: 2022-10-28T11:17:50+06:00

Жаңартылды: 2022-10-28T11:17:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/elzhan-birtanovqa-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.