---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/49688/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2022 ж. ҚР негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 9,8 млрд теңгені құрады

![2022 ж. ҚР негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 9,8 млрд теңгені құрады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/hourglass-with-sand-and-gold-money-time-is-money-concept-3d-rendering_207634-4203.jpg)

**2022 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның негізгі капиталына игерілген инвестиция көлемі 9 859,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке артық, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Инвестиция көлемі бойынша ең көп қаржыланған салаларға өнеркәсіп – 49,7%, жылжымайтын мүлік операциялары – 20,9, сондай-ақ көлік және қойма шаруашылығы – 9,5% кіреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/10/za-2022-god-investiczii-v-osnovnoj-kapital-rk-sostavili-98-mlrd-tenge-2-1068x601-1-1024x576.jpeg)

Инвестиция көлемі бойынша Қазақстанның аса көп қаржыланған үш өңір – Атырау облысы, Алматы және Астана. Атырау облысының қаржыландыру көрсеткіші ең жоғары деңгейде – жалпы инвестициялардың 21,9% бөлігін құрайды. Одан кейін өсу ретімен салыстырар болсақ 9,9%-пен Алматы және 8,8%-пен Астана тұр.

Білім, денсаулық сақтау, ақпарат және коммуникация, құрылыс салалары жиі қаржыландырылуда, ал бұл салалардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Мәселен, білім саласына салынған инвестицияның 28% Алматыға, ал денсаулық сақтау саласына салынған инвестицияның 25% Астанаға тиесілі болып тұр. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация саласына бөлінген тегіс инвестицияның жартысына жуығы (45%) Астанаға тиесілі, ал қаржыландыру нысандарының 29%-тін құрылыс саласы құрайды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/10/za-2022-god-investiczii-v-osnovnoj-kapital-rk-sostavili-98-mlrd-tenge-1-1068x601-1-1024x576.jpeg)

---

Жарияланды: 2022-10-28T08:38:54+06:00

Жаңартылды: 2022-10-28T08:41:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [капитал](https://qazaqpress.kz/tag/kapital/), [сараптама](https://qazaqpress.kz/tag/saraptama/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [қаржыландыру](https://qazaqpress.kz/tag/qarzhylandyrw/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/28/49688/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.