---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/27/kaerim-maesimovti-qamawda-ustaw-merzimi-taghy-uzartyldy-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

![Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/photo_105918.jpeg)

**Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqpress Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.**

Ресми мәлімет бойынша, тергеу соты Мәсімов пен Садықұловты қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартқан.

> — Д.Е. Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.12.2022 жылға дейін, М.С. Осипова — 22.12.2022 жылға дейін ұзартылды. Д.М. Акипов пен Н.К. Бекмұратқа ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, К. Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.

---

Жарияланды: 2022-10-27T07:17:10+06:00

Жаңартылды: 2022-10-27T07:17:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/27/kaerim-maesimovti-qamawda-ustaw-merzimi-taghy-uzartyldy-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.