Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqpress.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты А. Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Discussion about this post