Huawei компаниясының қазіргі бас директоры Кен Ху Бангкок қаласында кеше басталған Global Mobile Broadband Forum атты 13-ші жаһандық кең жолақты мобильді байланыс форумын салтанатты түрде ашық екенін жариялады.
«5G мобильді технологиялардың алдыңғы буынына қарағанда әлдеқайда жылдам дамып келеді», – деді Ху мырза. «Соңғы үш жылда біз желілердің, тұрмыстық қызметтердің және өнеркәсіптің даму сценарийлерінің тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқадық».
«5G технологиясы бәйге басында, – деп жалғастырды Ху мырза, – және бәріміз де қол жеткізген жетістігімізді мақтан тұтуымыз керек. Алайда, одан әрі даму үшін тындыратын жұмыс көп. Ынтымақтастықпен жұмыс істей отырып, біз 5G желісінің мүмкіндіктерін кеңінен ашып, бұлттық технологиялар мен системалық мүмкіндіктерді біріктіре аламыз. Тек бірлесіп жұмыс істесек, біз 5G желісінің және жалпы саланың даму жолында серпіліс жасай аламыз».
2022 жылдың қазан айындағы көрсеткіштер бойынша, дүниежүзінде 230-дан астам оператор коммерциялық мақсатта 5G желісі мен қызметтерін іске қосты. Бүгінгі таңда 700 миллионнан астам абонентке қызмет көрсететін 3 миллионнан астам 5G базалық станциялары орналастырылды.
Телекоммуникация саласында операторлар табысының негізгі бөлігін тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер құрайды. 5G желілері көбейген сайын тұтынушылардың сұранысы мен қызмет көрсету әдістері де өзгереді. Мәселен, біз жоғары сапалы бейнеге деген сұраныстың артқандығынан трафиктің де тұтынылу көрсеткішінің өскенін байқаймыз. 5G желілерінің аса жоғары жылдамдығына негізделген жаңа мобильді қосымшалар орташа трафик тұтыну көрсеткішін екі есеге арттырды және бір абонентке шаққандағы орташа табысты 20%-тен 40%-ке дейін арттырды, бұл операторлардың құралдар мен байланыс желілерінен алатын табысының тұрақты түрде өсуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, 5G коммерциялық мақсатта мұнай-газ секторы, өнім өңдеу өнеркәсібі мен көліктік салаларда сәтті қолданылып жүр және операторлар табысының өсуіне септігін тигізетін жаңа «қозғалтқышына» айналды.
5G желісін мұндай салаларда қолдану инновацияға жетелейді және операторлардың табысын әжептеуір жоғарылататыны сөзсіз. Мысалы, 2021 жылы Қытай операторлары 3000-нан астам өнеркәсіптік 5G жобаларын іске асырып, 3,4 миллиард юань (бұл шамамен 500 миллион АҚШ доллары) таза пайда тапты. Оған қоса, мұндай жобалар аясында деректерді жіберу қызметтері мен интеграцияланған АКТ қызметтерін көрсету операторларға 10 есеге артық пайда алып келеді.
5G технологиясын коммерциялық мақсатта қолдану операторлар үшін жылдам дамып келе жатқан табыс көзіне айналуда. 5G технологиялары бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге қол жеткіздіріп, қызмет ұсыну салаларында инновация енгізіп, қоғамдық өмірдегі пайдалану мен бизнес моделін дамыту бойынша шексіз мүмкіндіктерге жол ашты. «Және сол мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірнеше қарапайым қадам жасауымыз керек», – деді Ху мырза.
Пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын желілерді құру кезінде байланыспен қамту аймағын кеңейту талаптарымен қоса пайдаланушылардың күннен күнге өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын да ескеру қажет. Мысалы, қытайлық операторлар өз желілерін TikTok және басқа да танымал бейне қызметтері үшін оңтайландырып, пайдаланушының қосымшамен алғашқы әрекеттесу уақыты мен қызмет көрсетудегі жауабы арасындағы кідірісті 50%-ке қысқартып, кадрдың тоқтап қалу коэффициентін 90% төмендетті. Бұл бейнені біркелкі ойнатуға, трафикті екі есе арттыруға және 5G қызметтерін пайдаланушылар үшін тартымды қылдыруға мүмкіндік берді.
5.5G технологияларының дамуын жеделдету
5G эволюциясын қамтамасыз ету үшін Huawei операторлар және салааралық серіктестермен бірлесе отырып, 5G технологиясының келесі эволюциясы 5.5G 4 тұжырымдамасын әзірледі. 5.5G жобасына қосылу жылдамдығы 10 Гбит/с, жалпы жылдамдығы 1 Гбит/с, 100 миллиард қосылымды қолдау мен smart мүмкіндіктер жатады. Ху мырза: «Біз стандарттарды анықтап, спектр дайындап, экожүйе құруымыз керек. Және мұның бәрін тек бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асыра аламыз».
5G қажеттілігін арттыру үшін инновациялық қызмет көрсету салаларын енгізу
Жоғары өткізу қабілеттілігіне сүйенген 5G жүйесі тұтынушылар мен бизнеске жаңа қызметтерді жеткізу үшін бұлттық қызметтер мен AI технологияларын біріктіре алады. Операторлар тұтынушыларға кеңейтілген шынайылық, бұлттық ойындар және жетілдірілген ұялы байланыс сияқты жаңа тәжірибелерді, ал бизнеске цифрлық трансформация бойынша тиімді құралды ұсына алады. Бұл операторлар үшін қарапайым байланыс қызметтерін ұсынудан шеңберінен шығып, бұлттық қызметтер мен жүйелерді біріктіруге көшуге мүмкіндік беретін жаңа табыс көзінің есіктерін айқара ашатыны сөзсіз.
Саланы цифрландыру – жаһандық экономикалық дамудың болашағы. Цифрлық трансформацияның негізгі детерминанты ретінде 5G технологиясы жаңа мүмкіндіктер әлемін ашады. Бірақ, АКТ экожүйесінің мүшелері бір-бірімен өзара әрекеттесу арқылы ғана бұдан барынша пайда көре алады. «Тек бірлесін жұмыс істесек, біз 5G желісінің және жалпы саланың даму жолында серпіліс жасай аламыз», – деп түйіндеді Ху.
Global Mobile Broadband Forum 2022 атты форумын Huawei, GSM қауымдастығы және GTI платформасы бірлесіп өткізбек. Бұл жыл сайынғы форум дүниежүзілік ұялы байланыс операторларының өкілдерін, саладағы аламан алды тұлғалар мен экожүйе саласы бойынша серіктестерді бір ортада жинайды. Талқылау тақырыптарына 5G коммерциялық жетістігі, жасыл даму, жасанды интеллект технологияларын енгізу және 5G эволюциясы кіреді. Қосымша ақпарат үшін сілтеме арқылы өтіңіздер:
https://www.huawei.com/en/events/mbbf2022.
Huawei компаниясы жайлы
Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ smart құрылғылардың үздік жаһандық жеткізушісі. Телекоммуникация желілеріне, ақпараттық технологияларға, smart құрылғыларға және бұлттық қызметтерге назар аударған Huawei цифрлық технологияны бизнеске де, түпкі тұтынушыларға да қолжетімді етуге тырысуда және интеллектуалды, мінсіз байланыс әлемін құруды мақсат тұтады.
Huawei компаниясының сан қырлы портфолиосындағы өнімдер, шешімдер және қызметтер жоғары сенімділікке ие және бәсекеге қабілетті. Экожүйе серіктестерімен ашық жұмыс жасай отырып, Huawei өз тұтынушыларының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың коммерциялық бәсекелесін дамытуда.
Huawei жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге көп қаржы бөлуде. Әлемдегі 170-тен астам елде орналасқан компанияда 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Huawei – 1987 жылы құрылған жеке компания және толық қызметкерлердің меншігіне жатады.
Discussion about this post