---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/25/toqaev-qazaqstandyqtardy-respwblika-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/daa-2665-2-scaled.jpg)

**Мемлекет** **басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Құрметті отандастар!
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты.
> 
> 
> 
> 
> Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.
> 
> 
> 
> 
> Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін.
> 
> 
> 
> 
> Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
> 
> 
> 
> 
> Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да — азаматтар!
> 
> 
> 
> 
> Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы — көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл — ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз — егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.
> 
> 
> 
> 
> Біз — байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз — айқын, мақсатымыз — ортақ.
> 
> 
> 
> 
> Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз — бір, мемлекетіміз — бір, халқымыз — бір.
> 
> 
> 
> 
> Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
> 
> 
> 
> 
> Еліміздің егемендігі баянды болсын!, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-10-25T06:15:22+06:00

Жаңартылды: 2022-10-25T06:15:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/25/toqaev-qazaqstandyqtardy-respwblika-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.