Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 21 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

— 24 қазандағы жағдай бойынша 944 (-780+ және 164 КВИ -) адам коронавирус инфекциясынан емделіп, олардың ішінде 97 науқас стационарда, 847 амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.