---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/21/astanada-aejeldi-pyshaqtap-oeltirgen-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

![Астанада әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/photo_349104.jpeg)

**Астанада 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.**

20 қазанда сағат 18.39-да 102 арнасына ер адам әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен.

> — Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Факт расталды. Дүкен ішіндегі касса маңынан пышақ жарақатын алған әйел өлі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қаза болған, — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасағаны анықталды.

> «Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-10-21T03:43:56+06:00

Жаңартылды: 2022-10-21T03:43:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/21/astanada-aejeldi-pyshaqtap-oeltirgen-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.