---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/20/muhtar-tilewberdi-kievtegi-qazaqstan-elshiligin-tolyqtaj-koeshirw-maeselesi-qarastyrylmady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұхтар Тілеуберді: Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай көшіру мәселесі қарастырылмады

![Мұхтар Тілеуберді: Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай көшіру мәселесі қарастырылмады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/a19cbd8e9ae3f852.jpeg)

**ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздің Киевтегі елшілігіндегі қызметкерлерді эвакуациялауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Елшілікті толықтай көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Біріншіден, Украинадағы қазіргі жағдайда біздің дипломат қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан, қызметкерлерді басқа жерге көшіру мәселесі ескеріліп отыр», — деді М. Тілеуберді Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, дипломаттардың негізгі бөлігі Варшаваға ауыстырылған.

> «Олар сол жерден өз қызметтерін атқарып жатыр. Сонымен бірге, Киевте біздің консул қалды. Ол күн сайын Украинадағы азаматтарымызды қабылдап отыр. Ел азаматтары түрлі мәселе бойынша көмек сұрап келіп жатыр. Елшілікті толықтай көшіру немесе уақытша жабу мәселесі қаралып отырған жоқ», — деді министр.

---

Жарияланды: 2022-10-20T06:42:47+06:00

Жаңартылды: 2022-10-20T06:42:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/20/muhtar-tilewberdi-kievtegi-qazaqstan-elshiligin-tolyqtaj-koeshirw-maeselesi-qarastyrylmady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.