---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/19/56-shet-kompaniya-resejden-qazaqstangha-koeshwge-niet-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 56 шетел компаниясы Ресейден Қазақстанға көшуге ниет білдірді

![56 шетел компаниясы Ресейден Қазақстанға көшуге ниет білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/20221019_145814_0000.png)

**ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елуден астам Ресейдегі шетел компаниясы Қазақстанға көшу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Мәжіліс алаңында Үкімет басшысы 56 шетелдік компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдіргенін айтты. Әлихан Смайыловтың айтуынша, түрлі шетелдік компаниялар Ресейден ақырындап кетуде. Бұған жол бермеу үшін, Қазақстан үкіметі 300 ірі шетелдік компанияның тізімін жасап, оларға Қазақстандағы кең мүмкіндіктер туралы баяндап берді.

Ол көптеген компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ынталарын білдіргенін айтты. Ал, қазір үкімет болашақ серіктес компанияларды қайда және қашан көшіруге болады деген сынды мәселелерді қарастыруда. Айта кетелік, Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni сияқты кейбір компаниялар көшуге байланысты мәселеде нық байламға келді және болашақта өзге де компаниялардың көшетінін күтеміз.

---

Жарияланды: 2022-10-19T08:59:13+06:00

Жаңартылды: 2022-10-19T09:05:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [көшу](https://qazaqpress.kz/tag/koeshw/), [Ресей](https://qazaqpress.kz/tag/resej/), [шет. компаниялар](https://qazaqpress.kz/tag/shet-kompaniyalar/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/19/56-shet-kompaniya-resejden-qazaqstangha-koeshwge-niet-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.