---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/18/qr-ishki-ister-ministri-elimizde-300-myngnan-astam-raesimdelmegen-sheteldik-koelik-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Ішкі істер министрі: Елімізде 300 мыңнан астам рәсімделмеген шетелдік көлік бар

![ҚР Ішкі істер министрі: Елімізде 300 мыңнан астам рәсімделмеген шетелдік көлік бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/fiawrm2n.jpg)

**ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет кулуарында елімізде рәсімделмеген 300 мың шетелдік көлік бар екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Президент соңғы Жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге рұқсат берген еді. Оның мөлшері 200-250 мың теңгеден аспауы керек. Мұны жүзеге асыру үшін заңнама әзірлеп, 2 заңға өзгеріс енгізуіміз керек. Бұл – Салық және Экология кодекстері. Әріптестеріміз заң жобаларын дайындап жатыр. Олар дайын болғанда біз құқықтық нормативтік актіні қабылдаймыз. Қазақстанда 300 мыңнан аса шетелдік көлік бар. Заң қабылданғаннан кейін жұмысты бастаймыз», — деді Марат Ахметжанов.

Айтуынша, бұл мәселені толыққанды реттеу үшін екі бірдей кодекске өзгеріс енгізу керек.

> «Заңды біз дайындап жатқан жоқпыз. Әріптестерім дайындап жатыр. Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданады деп жоспарланып отыр. Заң қабылданған соң ережені дайындаймыз, яғни, көліктерді қалай заңдастыруға болатынын пысықтаймыз», — деді Ішкі істер министрі.

---

Жарияланды: 2022-10-18T06:11:29+06:00

Жаңартылды: 2022-10-18T06:11:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/18/qr-ishki-ister-ministri-elimizde-300-myngnan-astam-raesimdelmegen-sheteldik-koelik-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.