---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/12/tuerkistan-oblysynda-167-adam-fast-fwdtan-wlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында 167 адам фаст-фудтан уланды

![Түркістан облысында 167 адам фаст-фудтан уланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/photo_385201.jpeg)

**Түркістан облысында екі айда 168 адам уланған дәмхана әкімшілігіне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqpress КТК телеарнасына сілтеме жасап.**

Телеарна мәліметінше, Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца, тауық етін жеген 145 адам ішек инфекциясын жұқтырған. Жұрт жаппай ауруханаға түскен соң, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты түгіл  аспаздарының медициналық кітапшасы болмай шыққан.

> — Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і  ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық емге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына — 67 науқас. Оның ішінде бес жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы орташа ауыр. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйіне шығарылады, — дейді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

---

Жарияланды: 2022-10-12T06:14:17+06:00

Жаңартылды: 2022-10-12T06:14:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/12/tuerkistan-oblysynda-167-adam-fast-fwdtan-wlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.