---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/12/mangghystawlyq-turghyn-uej-awlasyna-esirtki-oesirgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстаулық тұрғын үй ауласына есірткі өсірген

![Маңғыстаулық тұрғын үй ауласына есірткі өсірген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/69b3a70e-f2fc-4bf4-9c89-3a9f3819a8a4.jpg)

**Маңғыстаулық тұрғын үй ауласына есірткі өсірген, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

9 қазан күні сағат 15:30 шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында Мұнайлы ауданында орналасқан учаскелердің бірінде 36 жастағы ер адам құрықталды. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген тінту жұмыстары кезінде азаматтан өткір иісті марихуанаға ұқсас есірткі зат және қағазға оралған үш дана өсімдік дәндері тәркіленді.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекен жайдың ауласын тексеру барысында 10 түп марихуана тәріздес есірткі заттары мен 30 дана дән, одан бөлек, полиэтиленді пакетке сақталған жасыл түсті есірткіге ұқсас заттар табылып, тәркіленіп алынды. Есірткі заттарын өсіретін арнайы жарықтың 15 данасы анықталды. Тәркіленіп алынған он түп марихуана затының салмағы 8 келі 360 граммды құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

 

---

Жарияланды: 2022-10-12T06:42:11+06:00

Жаңартылды: 2022-10-12T06:42:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/12/mangghystawlyq-turghyn-uej-awlasyna-esirtki-oesirgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.