---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/06/toqaev-taezhikstan-prezidenti-emomali-rahmonmen-telefon-arqyly-soejlesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

![Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/photo-2022-10-04-21-31-24_mediumthumb.jpg)

**Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

---

Жарияланды: 2022-10-06T02:37:41+06:00

Жаңартылды: 2022-10-06T02:37:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/06/toqaev-taezhikstan-prezidenti-emomali-rahmonmen-telefon-arqyly-soejlesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.