---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/06/59002/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Kcell жаңа антенналармен проблемалық аймақтардағы интернет сапасын жақсартады

![Kcell жаңа антенналармен проблемалық аймақтардағы интернет сапасын жақсартады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz_.webp)

**Алматы мен Астанада ұялы байланыс операторы интернетті жақсы қамту үшін жаңа жабдықты орнатуда, деп хабарлайды  «Kcell» АҚ Басқарма [төрағасы](https://www.facebook.com/1211120896/posts/pfbid02STKDuLXXsLhjFx5Tjc35K1mVuFEeXhDEjJ38xyux2tt6N6vQe7JXi1jmYHKJtvPql/?mibextid=95YSWs) Асхат Өзбеков.**

«Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы кептелістің кесірін көбіміз білеміз ғой. Есіл уақыт жолға қараумен өтіп кетеді… Қырсыққанда мұндайда байланыс та нашарлап кетеді. Себебі желіге жүктеме артады. Бұл аймақты қамтитын базалық станциялардың мүмкіндігі час пикте әсіресе әлсіреп кетеді. Осы мәселені ескеріп, біз қозғалысы көп даңғылдардың біріне жаңа үлгідегі антенна – StreetMacroСell құрылғыларын орната бастадық.

Бұл антенналар жұмысын қыркүйекте бастады. Бір жақсы жері орнатылуы тез әрі өзі жеңіл. Сондықтан қолданыстағы бағаналарға қоюға болады. Бұл жұмысты әжептеуір жеңілдеткені рас. Әйтпесе шатырларға қойылатын бір базалық станцияға кейде 6 айдан артық уақыт кетіп қалады.

Айтпақшы, бұл антенналар 4G желісіне жұмыс істейді. Енді алдағы уақытта бұл құрылғылардың 5G байланысындағы үлгісін қоятын боламыз.

Күндеріңіз сәтті өтсін!», — деп мәлім етті Өзбеков.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz2_-225x300.webp)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz3_-225x300.webp)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz4_-225x300.webp)

---

Жарияланды: 2022-10-06T05:52:12+06:00

Жаңартылды: 2023-10-06T06:31:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/06/59002/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.