---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/10/04/zhaenibek-aelimhanuly-kelesi-zhekpe-zhegine-qatysty-maelimdeme-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

![Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/full_1661597477295535e21f80feddd5c890c755b01bb5_webp.webp)

**Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы  кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Көптеген боксшылар жан-жаққа қашқан кезде, шақыруды қабыл алғаны үшін Дензель Бентлиге алғыс айтамын. Лас-Вегастағы The Palms-та әлем чемпионы атағын қорғау мен үшін үлкен құрмет және әлемге «Қазақ стилі» не екенін тағы бір рет көрсететін боламын», — деп келтірілген Әлімханұлының сөзі ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.

Айта кетейік, кеше Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын. «Сенбі, 12 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», — деп жазды Top Rank Instagram-да.

---

Жарияланды: 2022-10-04T05:59:16+06:00

Жаңартылды: 2022-10-04T05:59:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/10/04/zhaenibek-aelimhanuly-kelesi-zhekpe-zhegine-qatysty-maelimdeme-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.