---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/30/aenshi-toereghali-toeraelige-qatysty-qylmystyq-is-qoghaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды

![Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/63351b4e86bf3386376797.jpg)

**Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке cілтеме жасап.**

> «Әнші Төреғалиға қатысты іс бойынша 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 — бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады»,- делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.

---

Жарияланды: 2022-09-30T04:48:39+06:00

Жаңартылды: 2022-09-30T04:48:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/30/aenshi-toereghali-toeraelige-qatysty-qylmystyq-is-qoghaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.