---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/28/bas-prokwratwra-qajrat-satybaldygha-qatysty-basqa-ister-qaralyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас прокуратура: Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа істер қаралып жатыр

![Бас прокуратура: Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа істер қаралып жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/28567b768a09316840f344978b96dfe2.jpeg)

**Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа да істер бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті.

> «Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізді. Тек екі эпизодты қарады. Яғни «Көліктік сервис орталығы» мен «Қазақтелеком» компаниясына залал келтіргені тергелді. Өзіңіз білетіндей, шамамен 42 млрд теңгедей екеуіне материалдық зиян келтірілген. Сол екі эпизод қана қаралды. Басқа істер қазір тергеу барысында», — деді Әсет Шындалиев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

---

Жарияланды: 2022-09-28T08:11:10+06:00

Жаңартылды: 2022-09-28T08:11:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/28/bas-prokwratwra-qajrat-satybaldygha-qatysty-basqa-ister-qaralyp-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.