---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/27/toqaev-pwtinge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

![Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/16460492_0_0_3022_1708_1920x0_80_0_0_d65f7a5737f888644ccda1738fc49a86.jpg)

**Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдар қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

> — Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуылы салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, — деп жазылған жеделхатта.

---

Жарияланды: 2022-09-27T04:11:36+06:00

Жаңартылды: 2022-09-27T04:11:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/27/toqaev-pwtinge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.